Нұрсұлтан Назарбаев: Түркияның тәуелсіздігімізді бірінші болып танығаны есімізде мәңгі сақталады

ҚР Тұңғыш Презизенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарабев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің VIII саммитіне қатысушыларға ыстық сәлем жолдады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Құрметті Мемлекет және Үкімет басшылары, қымбатты достар! Түрік тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің VIII саммитіне қатысушыларға ыстық сәлемімді жолдаймын. Президент Режеп Тайып Ердоғанға бүгінгі кездесуге Түркі кеңесінің құрметті төрағасы ретінде қатысуға шақырғаны үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Биыл көктемде менің бастамаммен өткен Түркі кеңесінің бейресми онлайн саммитіне қатысқандарыңыз үшін алғысым зор. Сіздердің шешімдеріңіз бойынша Түркістан қаласы түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесіне ие болды», - деп бастады Елбасы сәлемін.

Сондай-ақ, ол жуырда Түркістанда Түркітілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясының Х мерейтойлық сессиясы сәтті өткенін еске салды.

«Болашақта қасиетті Түркістанға сіздердің де жолдарыңыз түседі деп сенемін. Қадірлі саммитке қатысушылар! Елдеріміздің егемендігін ең алғаш бауырлас Түркияның танығаны біздің халықтарымыздың есінде мәңгілік сақталады. Бұл белеске барша түркі елдерінің тарихи жетістіктермен жеткені - біз үшін зор мақтаныш. Сонымен қатар мемлекеттіріміз алдына өршіл ұлттық даму мақсаттрын қойып отыр», - деді Елбасы.