"Нұротандықтар" қолжетімді баспана мен әлеуметтік нысандар салу мәселелерін талқылады

"Нұротандықтар" қолжетімді баспана мен әлеуметтік нысандар салу мәселелерін талқылады
inbusiness.kz

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту, Ұлт денсаулығы мәселелері, Өңірлік даму және Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестерінің бірлескен отырысында қолжетімді тұрғын үй және әлеуметтік нысандар салу мәселелері қаралды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Nur Otan партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Бисембаев жастар мен мұқтаж отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ қаламызда әлеуметтік саланы дамыту мәселелеріне партия баса назар аударатынын атап өтті.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес, партияның сайлауалды уәделерінің орындалуын жүйелі бақылауды, бюджет қаражатының жұмсалуының тиімділігі мен ашықтығын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жыл басында партияның жанынан білімді дамыту, денсаулық, жастарды қолдау және т.б. бағыттар бойынша 9 өңірлік кеңес құрылды», - деді Қайрат Бисембаев.

Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы С.Нұрашев отырысқа қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламалары мен Жол картасын орындау бойынша басқарманың  9 айда атқарған жұмысы туралы баяндап берді. Өз баяндамасында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысын салу және қайта құру жоспарлары жөніндегі есепті ұсынды.

Жиынға қатысқан атқарушы билік органдары мен кеңестердің өкілдері қажетті және дереу шешімдер қабылдауды талап ететін өзекті мәселелерді талқылап, барлық жұмыстарды жоспарлау кезінде ең алдымен қала тұрғындарының мүдделерін ескеру керектігін айтты.

Отырысты қорытындылаған модератор Қайрат Бисембаев басқарма өкіліне биылғы жылы аяқталатын нысандар құрылысының сапасын қамтамасыз ете отырып, қарқынын үдетуді ұсынды.

Сондай-ақ, келесі жылдарға объектілерді жоспарлау және салу кезінде осы объектілердің тиімділігі мен әлеуметтік маңыздылығын мұқият талдау қажеттігіне назар аударды.