Нұр-Сұлтанға қазақстандық туристер мінген 5 борт ұшып келеді

Нұр-Сұлтанға қазақстандық туристер мінген 5 борт ұшып келеді
Cурет: 24.kz

Мальдивтен 500 адам оралады

Бүгін түнде Нұр-Сұлтан қаласына қазақстандық туристер мінген 5 борт қонады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

«Туристік Қамқор» қорының мәліметінше, елордаға барлығы 5 борт қонады. Олармен БАӘ, Шри-Ланка, Үндістан және Мальдивте болған қазақстандықтар ұшып келеді. Тек Мальдивтен 500 адам оралады.

Туристер мінген ұшақ бастапқыда Алматыға қонуы керек болатын. Алайда, Алматы әуежайының жұмысы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін әлі қалпына келтірілген жоқ. Ұшып келетін азаматтарды күтіп алатын туған-туыстардан коменданттық сағат тәртібін бұзбау сұралды. Себебі барлық рейстер таңға жуық қонады.