Нұр-Сұлтанда Қазақстанның көмір өнеркәсібінің II форумы өтті

Нұр-Сұлтанда Қазақстанның көмір өнеркәсібінің II форумы өтті
Сурет: Massaget.kz

Бұл форум жаңа экологиялық реттеу жағдайында көмір саласын дамыту мәселелеріне арналған.

Нұр-Сұлтанда Astana Mining & Metallurgy халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі аясында Қазақстанның көмір өнеркәсібінің II форумы өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форум спикерлері ретінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев, ТМКҚ атқарушы директоры Николай Радостовец, «Қазкөміртек» салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Марат Миргаязов, сондай-ақ көмір кәсіпорындарының басшылары сөз сөйледі.

Бүгінгі таңда еліміздің көмір саласы электр энергиясының шамамен 70%-ын өндіріп, кокс-химия өндірісінің толық жүктемесін қамтамасыз етеді. Коммуналдық-тұрмыстық сектор мен ел халқының отынға қажеттілігін толық қанағаттандырады. Салада 30 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Көмір қоры бойынша Қазақстан көшбасшы елдердің ондығына кіреді. Қор көлемі 33,9 млрд.тоннаны құрайды, барланған көмір қорының 90%-дан астамы Қазақстанның солтүстік-шығысында және орталық бөлігінде шоғырланған. Тәуелсіздік жылдары көмір өндіруші кәсіпорындар 2,7 млрд. тоннадан астам көмір өндірді. Шамамен 0,8 млрд.тонна жақын және алыс шетелге экспортталды.