Нұр-Сұлтан қаласында мерекелік отшашу болмайды

Нұр-Сұлтан қаласында мерекелік отшашу болмайды
Сурет: Рixabay.com

Өткен жылы да елордада жаңажылдық отшашу болмаған еді.

Нұр-Сұлтан қаласында жаңа жыл күні мерекелік отшашу атылмайтын болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  

Мерекелік отшашудың болмайтынын алдымен қала әкімдігінің баспасөз қызметі растады. Кейін қалалық мәдениет басқармасынан «Жаңа жыл мейрамында отшашу болмайды» деген хабар жетті.

Айта кетсек, таяуда ғана Тәуелсіздік күніне орай Нұр-Сұлтанда отшашу салтанаты өткізілді. Фейерверк қаланың үш нүктесінен атылды және бұл шара демеушілер көмегімен ұйымдастырылды. Өткен жылы да елордада жаңажылдық отшашу болмаған еді.