Нұрбек Оралбай THAILAND OPEN халықаралық турнирінің алтынын сарапқа салады

Нұрбек Оралбай THAILAND OPEN халықаралық турнирінің алтынын сарапқа салады
Сурет: Olympic.kz

Пхукетте бокстан ерлер арасындағы халықаралық Thailand Open жарысының финалдық бәсекелері басталды

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрбек Оралбай жартылай финалда жергілікті спортшымен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Отандасымыз Таиланд спортшысы Анавата Тонгкатокты екінші раундта жарыс жолынан ығыстырды. 

Айта кетерлігі, аталған халықаралық бәсекенің жартылай финалында Қазақстан құрамасынан тағы алты спортшы жұдырықтасады.