«Нұр-Сұлтан – Алматы» тас жолын жаңғырту жұмыстары 2023 жылы аяқталады

«Нұр-Сұлтан – Алматы» тас жолын жаңғырту жұмыстары 2023 жылы аяқталады
Сурет: Sputnik.kz

Бүгінгі таңда жолдың 500 шақырымында жұмыстар аяқталып, көлік қозғалысы ашылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Нұр-Сұлтан – Алматы» көлік дәлізін жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ИИДМ телеграм каналына сілтеме жасап.

Жоспар бойынша жұмыстар келесі жылы аяқталады. Жалпы ұзындығы 946 шақырым болатын көлік дәлізі «Қарағанды-Балқаш», «Балқаш – Бурылбайтал», «Бурылбайтал – Күрті» және «Күрті –Қапшағай» учаскелеріне бөлінген. Бүгінгі таңда жолдың 500 шақырымында жұмыстар аяқталып, көлік қозғалысы ашылған. Тағы 434 шақырымында биыл төменгі қабат жабыны төселіп, пайдалануға беріледі. Ал 2023 жылы жаңғырту жұмыстары толық аяқталады.