Нұр-Мүбәрак университетінде спорт кешені ашылды

Нұр-Мүбәрак университетінде спорт кешені ашылды
Сурет: Мuftyat.kz

Кешенде теннис, садақ ату залы және футбол, волейбол ойнау алаңы бар.

Бүгін Алматы қаласындағы Нұр-Мүбәрак университетінде салынған спорт кешенінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚМДБ Баспасөз қызметінің мәліметінше, игі іс-шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, игі тілегін жеткізді.

«Біз шәкірттеріміздің рухани әлемін байытумен қатар олардың тән саулығына да көңіл бөліп келеміз. Халқымыз: «Тәні саудың – жаны сау» деп текке айтпаған. Денсаулық – бізге берілген аманат. Спорт – денсаулық кепілі. Осы спорт кешенінде ұйымдастырылатын іс-шаралар студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға серпін береді деп сенемін. Сауапты іске үлес қосқан барша азаматтарға Алла разы болсын!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.