Нурия Ниязова: Ассамблея елорда күнін ерекше атап өтетін еді

Нурия Ниязова: Ассамблея елорда күнін ерекше атап өтетін еді
Сурет: Оld.kaztube.kz

«Өкінішке қарай, қаламыздың соңғы уақыттағы эпидахуалының нашарлауына байланысты жақсы көретін мерекемізді ойдағыдай атап өте алмайтын болдық»

Бүгін Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Астана күніне орай Алматыда өткізілетін іс-шаралар» тақырыбындағы онлайн конференцияға қатысқан Алматы қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Нурия Ниязова осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Спикердің айтуынша, Алматыда 37 этномәдени бірлестік бар екен.

«Ассамблея бұл мерекені кең көлемде атап өтетін еді. Біз әр түрлі ұлттың салт-дәстүрін көрсетіп, мерекенің сәнін кіргізер едік. Өкінішке қарай, қазір тым қатты шектеу болып отыр. Соған байланысты «Достық» үйінен тікелей толқында онлайн конференциялар өткіземіз, одан басқа қайырымдылық жұмыстарымен айналысып жатырмыз» , - деді Нурия Ниязова.