Nur Otan партиясының жанындағы қоғамдық кеңестер қысқарады

Nur Otan партиясының жанындағы қоғамдық кеңестер қысқарады

Бұл жөнінде Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде айтылды.

Съезге барлық өңірден 399 делегат қатысуда. Жиында партияны жүйелі түрде қайта құру тетіктері ортаға салынды. Енді Nur Otan партиясының қоғамдық кеңестерінің құрылымы қайта жасақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, қоғамдық кеңестер саны республикалық деңгейде 14-тен 9-ға дейін қысқарады. Аймақтық деңгейде 12-ден 8-ге дейін қысқарады. Қоғамдық қабылдау бөлімдері проактивті форматта жұмыс істеуге көшеді және шалғай елді мекендерде қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылады.