Nur Otan партиясы Алматы филиалының депутаттары әлеуметтік нысандар құрылысының сапасын тексерді

Nur Otan партиясы Алматы филиалының депутаттары әлеуметтік нысандар құрылысының сапасын тексерді
Источник фото: 24.kz

Депутат жұмыс қарқынына назар аударып, құрылысшыларды нысанды мерзімінде тапсыруға шақырды, өйткені балалар жаңа мектепті асыға күтуде.

Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша фракция депутаттары партияның Жол картасын іске асыру мақсатында әлеуметтік нысандар құрылысының барысымен танысты, деп хабарлады Almaty-akhamy.kz.

Белгілі болғандай, медициналық және білім беру қызметтерінің қол жетімдігі мен қолайлы жағдайларын жасау мақсатында Алматыда денсаулық сақтау және білім беру нысандарының құрылысы жүргізілуде.

Алматы мәслихатының депутаттары – Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері мен қоғамдық кеңестердің мүшелері бірқатар объектілерді аралады. Мәселен, "нұротандықтар" – партияның депутаттық фракциясының мүшелері Болат Садықов пен Әсия Ақанова Наурызбай және Жетісу аудандарында №7 қалалық аурухананың қабылдау бөлімінің жаңа корпусының құрылысы және ауданаралық туберкулезге қарсы диспансердің сейсмотұрақтылығын күшейту жұмыстары жүріп жатқан денсаулық сақтау нысандарының дамуымен танысты. Бұл нысанның дайындығы 90% құрайды.

Алматы мәслихатының жас депутаттар корпусының басшысы, партия жанындағы Ұлт денсаулығы жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің мүшесі А.Ақанованың айтуынша, құрылыс мерзімдеріне ерекше көңіл бөлінген, өйткені осы нысандарды пайдалануға беру арқылы көрсетілетін медициналық көмектің сапасы артады.

«Жаңа Алматыны» дамытудың кешенді жоспары мен Nur Otan сайлауалды бағдарламасы аясында 31 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарлануда. Қалқаман шағынауданында №7 ҚКА жаңа корпусының және балалар шұғыл медициналық көмек орталығының ота жасау блогы бар қабылдау бөлімшесінің құрылысы жүргізілуде. Медициналық қызметтердің қадамдық қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында биыл әрқайсысы 200 келушіге арналған төрт отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу көзделген.

Өз кезегінде білім беру жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі, депутат Райхан Бөлекбаева Алатау ауданындағы «Саялы» және «Томирис» шағын ауданындағы 1800 және 1500 орындық мектептер құрылысының барысымен танысты. Депутат жұмыс қарқынына назар аударып, құрылысшыларды нысанды мерзімінде тапсыруға шақырды, өйткені балалар жаңа мектепті аыға күтуде.

Бүгінде Алматыда бірден 12,6 мың орынға арналған сегіз мемлекеттік мектеп, 1,7 мың орынға арналған алты жеке мектеп, 8 263 орынға арналған 17 жаңа мектеп корпустары, сондай-ақ, төрт мектептің сейсмотұрақтылығын күшейту жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар жыл соңына дейін 21 мыңнан астам жаңа оқушы орнын ашуға мүмкіндік береді.

Депутаттық фракцияның мүшесі Ермахан Ибраимов пен жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Руслан Нұрлыбаев Жетісу ауданында салынып жатқан спорттық инфрақұрылым нысандарын аралады. Мұнда жыл соңына дейін екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілуі тиіс. 

Жалпы, партияның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасында мегаполисте 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін іске асыру жоспарлануда. Бұл көрсеткіш спортпен жүйелі түрде айналысатын алматылықтардың үлесін 33%-ға дейін арттырады. 

Жыл соңына дейін Алматыда Жетісу, Алатау, Медеу және Түрксіб аудандарында алты ДШК салынады. Олардың әрқайсысы тәулігіне 5 мыңға жуық адамды қабылдай алады. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматы Жол картасының 180 пунктінің әрқайсысы бойынша партия бағдарламасының іске асырылу барысын одан әрі бақылау үшін депутаттық фракция мүшелері бекітілген.