Nur Otan партиясының құрамы 55%-ке жаңарды

Nur Otan партиясының құрамы 55%-ке жаңарды
Сурет: Inform.kz

Саяси кеңестің құрамында азаматтық сектордың өкілдері айтарлықтай артты.

Nur Otan партиясы өз саяси кеңесіндегі өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«389 делегаттың 389-ы Саяси кеңес құрамының өзгерістеріне дауыс берді. Оған партия мүшелерінің санына пропорционалды түрде барлық өңірдің өкілдері енді. Жалпы, партияның жоғары өкілді органы 55%-ке жаңарды», - деп жазылған партия хабарламасында.

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдердің үлесі 33,7%-ке дейін өсті. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 6 есеге, яғни 13%-ке дейін артты. Орташа жас мөлшері 4 жылға төмендеп, 47 жасты құрады.

«Мемлекеттік қызметшілер саны үштен бірге қысқарды. Саяси кеңестің құрамында азаматтық сектордың өкілдері айтарлықтай артты. Білім беру саласының өкілдері 2 есеге (10%) артса, ҮЕҰ мен БАҚ үлесі 2 еседен астамға, 15,2%-ке ұлғайды», - дейді партия.

Айта кетейік, Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде партия саяси кеңесінің жаңа құрамы бекітілді.