Ноутбуктың бұзылуына әкелетін зиянды әдеттер қандай?

Ноутбуктың бұзылуына әкелетін зиянды әдеттер қандай?
Сурет: Perfectstock.ru

Ноутбуктың істен шығуына әсер ететін зиянды әдеттер баршылық.

Олардың кейбіреуін Telecom Daily агенттігінің бас директоры Денис Кусков атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Маманның айтуынша, ноутбукты жұмсақ жиһаз үстіне немесе көрпе сияқты матадан тігілген бұйымдардың үстіне қоймаған жөн. Себебі мата ноутбуктың тиімді салқындауына мүмкіндік бермейді, оның салдарынан құрылғы қызып кетеді. 

Сонымен бірге, сарапшы ноутбукты ұқыптап ұстауға кеңес берді, ол оны шайқауға, тіпті жұмсақ жерге лақтыра салуға болмайтынын айтты. 

Денис Кусков ноутбук алдында отырып алып, тамақ ішіп-жеуге болмайтынын да ескертті. Сондай болғанның өзінде құрылғыға су тиген болса, оның одан ары қызмет етуі мүмкін. Бірақ ноутбукқа шәй, кофе немесе қантты сусын төгілген болса, тотығу салдарынан, оның істен шығуына алып келеді. Бұл жағдайда техниканы қалпына келтіру өте қиын және жөндеуге жүгінуге тура келеді. 

Маманның берген тағы бір кеңесі - ноутбукты қуаты таусылғанша қолданбау. Үнемі қуаты біткенше қолданатын болса, құрылғының батареясы жарамсыз болып қалады. Көбіне қуаты тауысылып бара жатқанда, экранда 10-15 пайыз қуаты қалды деп ескерту шығады. Сондай кезде оны бірден қуаттау үшін қойған дұрыс.