«Нокаутқа түсіремін». Жәнібек Әлімханұлы Андрадеге қарсы жекпе-жек туралы пікірін айтты

«Нокаутқа түсіремін». Жәнібек Әлімханұлы Андрадеге қарсы жекпе-жек туралы пікірін айтты
Cурет: Ашық дереккөз

Көбі маған сенеді

Әлі жеңілмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Деметриус Андрадеге (31-0, 19 КО) қарсы жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

«Твиттерде сарапшылар, журналистер мен жанкүйерлердің Андрадеге қарсы жекпе-жек туралы пікірін оқимын. Көбі маған сенеді. Рақмет! Айтқым келетіні осы. Мен оны нокаутқа түсіремін. Қазір басқа деңгейдемін», - деп жазды Әлімханұлы.