Нобель сыйлығы туралы бес қызықты дерек

Нобель сыйлығы туралы бес қызықты дерек
Сурет: Іnterfax.ru

Әлемдегі құнды сыйлық.

Нобель – дүние жүзіндегі айрықша сыйлық. Альфред есімді ғалымның болашақ өнертапқыштарға арнап қалдырған мұрасы. Ол бар жиған-тергенін әдебиет, физика, химия, математика, экономика, т.б салаларда беріледі. Аталған сыйлықты алушы тұлғаға Швецияда 1 млн АҚШ доллары табысталады. Дүниедегі құнды премия туралы 5 қызықты мәліметті ұсынамыз.

         * Нобель сыйлығына ұсынылғандар туралы ақпар жарты ғасыр бойы құпия сақталады. Тек 50 жыл уақыт өткеннен кейін Швед академиясы мұрағаттарды ашады. Мәселен, 2017 жылдың қаңтар айында ақын Анна Ахматованың Нобельге ұсынылғаны анықталды. Әдебиет саласы бойынша 1966 жылы ең мәртебелі атаққа номинант болған ақын есімі 5 наурыз күні өмірден өтуіне байланысты тізімнен алынған.

         * Әлемде 5 ерлі-зайыпты Нобель сыйлығының иеленген. Осы атақты алғаш болып 1903 жылы Мария мен Пьер Кюрилер алды. Олар әлемге әйгілі физик және үлгілі отбасы әрі ғалымдар әулеті болған.

         * Бір қызығы, 5 адамға бағалы сыйлық сырттай берілген. Себебі, атақ берілген уақытта олар түрмеде отырған немесе еркіндігі шектелген. Олардың барлығы бейбіт өмір үшін күрескен. Неміс пацифисі әрі журналист Карл фон Осецкий, кеңес әділетшілі Андрей Сахаров, польшалық белсенді Лех Валенса, бирмалық саясаткер Аун Сан Су Чжи және Қытай демократы Лю Сяобо.

         * Құнды сыйлықтың ең жас лауреаты – 17 жасар Малала Юсуфзай есімді қыз. Пәкістандық бойжеткен мұсылман елдерінде әйелдерге білім алу құқығының берілуі жолында күрескен. Оған 2014 жылы бейбіт өмір жолында жүргізген күресі үшін табысталған. Юсуфзай 11 жасынан бастап BBC арнасында блог жүргізу арқылы танымал болған.

         * Халықаралық марапатқа қолы жеткендердің бірі – қазақ баласы Достай Раманқұлов. Ол Нобель сыйлығымен марапатталған тұңғыш қазақ. Тәуелсіздік кезеңінен бері алған бірінші тұлға.