Н.Назарбаев орталығында «Ашық аспан астында» атты фотокөрме ашылды

Н.Назарбаев орталығында «Ашық аспан астында» атты фотокөрме ашылды
Сурет: Inform.kz

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы алаңында иудаизмге арналған «Ашық аспан астында» үшінші халықаралық фотокөрменің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Е.Нүкежанов, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы басқарма төрағасы Б. Сәрсенбаев, Қазақстан Республикасындағы Израиль Мемлекетінің консулы Галина Френкель, Нұр-Сұлтан қаласының бас раввині Шмуэль Карнаух, сондай-ақ басқа діни бірлестіктердің және Қазақстандақы АҚШ, Ресей, Жапония, Ватикан, Бельгия елдерінің дипломатиялық өкілдіктерінің өкілдері қатысты.