Нигерия жағалауында мұнай кемесі жарылды

Нигерия жағалауында мұнай кемесі жарылды
Сурет: Oir.mobi

Қаза тапқандар туралы дерек жоқ.

Нигерия жағалауында Trinity Spirit мұнай өндіретін кемеде жарылыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Жақын жерден түсірілген видеода жалын мен қара түтінді көруге болады.  Trinity Spirit баяу түрде батып бара жатыр, құтқаруға келген кемелер мен қайықтар өртті оқшаулауға тырысып жатыр. Жазбада теңізде кемеге жақындамақ болған адамдардың айқайы да естілді.

Мұнай өндіруші кеме Shebah Exploration and Production Company Limited (SEPCOL) компаниясына тиесілі. Алдын ала берілген мәлімет бойынша, жарылысқа айналған өрт Дельта штатындағы Эскравос ауданында 2 ақпана басталған.

Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталып жатыр, қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Сонымен бірге, өрт кезінде он адамнан тұратын экипаж жұмыс істегені анықталып отыр. Daily Trust жазғандай, жарылыстан кейін бүкіл команда із-түзсіз жоғалып кеткен.