Нигерия мен Бразилия азаматтары елде заңсыз жүргені үшін ұсталды

Нигерия мен Бразилия азаматтары елде заңсыз жүргені үшін ұсталды Сурет: ашық дереккөз

Нигерияның 12 азаматы Қазақстанда заңсыз жұмыс істеген.


Полицейлер оларды қаладағы хостелдерден тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



– ҚР-ның көші-қон заңнамасын сақтау бойынша рейдтер құқық бұзушылықтың алдын алуға және заңсыз көші-қон арналарын анықтауға бағытталған. Бір апта ішінде басқа елдердің 50 азаматы және көршілес елдердің 165 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 104 шетел азаматы құжаттарының болмауына байланысты қабылдап-таратуға орналастырылды. Тағы 22 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сонымен қатар 54 жеке және заңды тұлға, оның ішінде Бразилияның 2 азаматын заңсыз жұмысқа тартқан фирмалардың бірінің басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.



Рейдтік іс-шаралардың мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзу деректерін және шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастыру деректерін анықтау, сондай-ақ шетел азаматтары тарапынан қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19

12:10

11:47

11:30