Нидерландта жүк көлігі бір топ адамды басып кетті

Нидерландта жүк көлігі бір топ адамды басып кетті
Сурет: Zameen.kz

Нидерландтың оңтүстігіндегі Ньив-Бейерланд ауылында жүк көлігі кем дегенде үш адамды басып кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Испания көлік компаниясына тиесілі жүк көлігі жолдан шығып кетіп, далада барбекю жасап жатқан адамдарды басып кеткен.

Полицейлердің айтуынша, оқиға салдарынан кем дегенде үш адам қаза тауып, бірнешеуі жарақат алған. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекпеген. Оны полиция қызметкерлері ұстады.