Непалда ұшақ апатқа ұшырады

Непалда ұшақ апатқа ұшырады сурет:rbc.ru

Алдын ала мәліметтер бойынша 40 адам қаза тапқан.


Непалдың Покхара қаласында ішкі рейс ұшағы апатқа ұшырап, 40 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz rbc.ru агенттігіне сілтеме жасап.


«Yeti Airlines» компаниясының жолаушылар ұшағында 68 жолаушы болған, екеуі – бала, төртеуі – экипаж мүшесі. Алдын ала мәліметтер бойынша, жолаушылардың барлығы көз жұмған. Осы уақытқа дейін 40 мәйіт табылған.



Непал азаматтық авиация басқармасының өкілі Джаганнатх Нирула күннің ашық болғанын атап өтті. «Кеме Сети шатқалынан әуежаймен таңғы сағат 10:50-де (Гринвич уақыты бойынша 05:05) байланысқа шықты», - делінген авиациялық мекеменің мәлімдемесінде. Содан кейін ол апатқа ұшырады.



Непал астанасы Катмандудан Покхару әуежайына ұшып келген ұшақ қонар кезде өртенген. Ұшақ екіге бөлініп, жартысы тау баурайында, қалған жартысы өзен шатқалына құлап кеткен. Апаттың себебі белгісіз.


Әуе кемесі құлаған маңда жүздеген құтқарушы жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31