Неміс боксшысы шаршы алаңға қазақтың оюлы киімін киіп шықпақ

Неміс боксшысы шаршы алаңға қазақтың оюлы киімін киіп шықпақ
Сурет: Тapology.com

Ұлттық киімдерімізді шетелдік спортшы насихаттамақ

Неміс боксшысы Артур Манн шаршы алаңға қазақтың ұлттық оюы бар киім киіп, Қазақстанның туын алып шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Рrosports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол  латвиялық боксшы Майрис Бредиспен 16 қазанда Рена аренасында жұдырықтасады. Екі боксшы бірінші ауыр салмақта IBF чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Бұл Бредис үшін бір жылдан астам үзілістен кейінгі бірінші жекпе-жек болмақ. 

Сондай-ақ, Манн 1990 жылы Ақтөбеде туып, екі жылдан кейін Германияға көшкен. Кәсіби бокста Германия атынан шығады.