Неліктен референдумға қатысу маңызды?

Неліктен референдумға қатысу маңызды?
Cурет: 24.kz

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:

Референдум - халық пен мемлекет үшін маңызды процес.

Халық арасында неге референдум болайын деп жатыр сұрақ бар. Осы орайда сайлау мен референдумның айырмашылығына тоқтала кетсек, негізі екеуі ұқсас процес, екеуінде де халық қатысады. Бірақ референдумда кез келген мәселе күн тәртібіне шыға бермейді. 

Онда жиі шығатын мәселе конституциялық өзгеріс, екінші мәселе Президенттің өкілеттігін ұзартуға байланысты өткізеді және үшіншіден тәуелсіздікке қатысты, яғни кез келген мемлекет белгілі одаққа мүше болады немесе одан шыққан кезде референдум өткізеді. Демек, халық үшін маңызды тақырыптар референдум арқылы шешімін табады.