Неге ескертусіз сөндіреді?

Наурызбай ауданында жарық тұрғын үйлерде жарық беру мәселесіне разы емес. Тұрғындар «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-ның қызметіне наразылықтарын айтып, ешқандай ескертусіз жарықты сөндіріп жататындарына өкпелі. Наурызбайлықтар мұндай жағдайдың бірінші рет емес, бірнеше рет қайталанып отырғанын айтады. «Неліктен «Энергосбыт» мекемесі заңға сай жұмыс істемейді. Ешқандай ескертусіз жарық сөндірудің салдарынан үйіміздегі тұрмыстық техникалар істен шығып жатыр. Уақытында төлем жасап отыратын тұтынушыларға кедергі келтірмей, қарызы бар борышкерлермен мәселені басқаша шешіңіздер. Себеп-салдарсыз жарықты сөндіруді қойыңыздар» деген сипаттағы өтініштер көп.

Аталмыш мәселеге орай аудан әкімі Санжар Тоғаев фейсбук парақшасында: «Аудан әкімі аппараты тарапынан жылу беру маусымында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-мен келісім бойынша  электр қуатының үзілуіне жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Электр қуатының үзілуіне жол бермеу үшін тұрғындар жауапты адамды сайлауы керек және «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-не кестеге сәйкес қарызды төлеу туралы хат ұсыну қажет» деп жазды. Алдағы уақытта аталған мәселе Наурызбай ауданында оң шешімін табатын болады деген ойдамыз.

Думан АМАНЖОЛҰЛЫ

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *