Назым Қызайбай Странджа кубогынде чемпион атанды

Назым Қызайбай Странджа кубогынде чемпион атанды
Cурет: Olympic.kz

Отандасымыз финалда алжирлік Роумайса Боуалмен қолғап түйістірді

Кіші әлем чемпионаты атанып кеткен Болгария астанасында өтіп жатқан Странджа кубогы турнирінде әйелдер арасында қазақстандық Назым Қызайбай чемпион атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

50 келі салмақта ел намысын қорғаған Назым Қызайбай финалда алжирлік Роумайса Боуалмен қолғап түйістірді. Нәтижесінде отандасымыз айқын басымдықпен жеңіске жетіп, тунирдің бас жүлдесін қанжығасына байлады.

Ал 54 келі салмақта сынға түскен тағы бір бұрымды боксшымыз Дина Жоламан «Странджа кубогінің» күміс жүлдесін иеленді.

Ол финалда шаршы алаң иесі Станимира Жоламанмен жұдырықтасып, қарсыласына жол берді.

Бұл халықаралық жарысқа 36 елден 450 боксшы қатысып жатыр. Олардың қатарында Олимпиада, әлем және Еуропа чемпиондары да бар.

Турнир 28 ақпанда мәресіне жетеді.