Назарбаев ескерткішінің тұғыры алынып тасталды

Назарбаев ескерткішінің тұғыры алынып тасталды
Сурет: Sputnik / Жанна Етекбаева

Талдықорған әкімдігі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішінің тұғырын не себепті алып тастағандарын түсіндірді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Талдықорған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Талдықорған қаласының орталық алаңында бұзылған ескерткіштің тұғыры қаланың сәулеттік келбетін қашырып тұрды. Осыған байланысты бөлшектеліп алынып, тасталды. Оны қалпына келтіру немесе оның орнына басқа да мәдени нысан салу жоспарда жоқ», - деп түсіндірген әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске салайық, ескерткіш 2022 жылы қаңтар оқиғасы кезінде қираған болатын.

Қазақстанның Тұңғыш Президентіне арналған ескерткіш 2016 жылы орнатылған еді.