Наурызбайда 20 киіз үй тігілді
Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Шұғыла» шағынауданы Абай даңғылында өткен Наурызда Астана қаласының 20 жылдығына орай 20 киіз үй тігіліп, 7000-ға жуық аудан тұрғындары мен қонақтары жайылған ақ дастарханнан дәм татып, қасиеті мол Тілек көже – Наурыз көже ішіп, мәре-сәре болысты.
Мерекелік шара барысында аудан тұрғындары үшін 1 тонна наурыз көже мен 1 тонна бауырсақ тегін таратылды. 2 сахна құрылып, 100-ге жуық қазақ эстрадасының жұлдыздары мен жас өнерпаздар тұрғындарға 8 сағаттық мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Аудан тұрғындары мен қонақтары жайылған ақ дастарханнан дәм татып, қасиеті мол Тілек көже – Наурыз көже ішіп, мәре-сәре болысты. Ұлыстың ұлы күнінде ат шаптырып, аударыспақ ойнатылып, жамбы атып, балуан күрестіріп, ұлан-асыр думан жасап, 9 ұлттық спорт ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
Талғам-талаппен тігілген ақ шағаладай ақбоз үйлер өз арасында сайысқа түсіп, ең үздіктері бағалы сыйлық, дипломдармен марапатталды.
«АҚШАМ-АҚПАРАТ».