Наурыздың 20-на арналған ауа райы болжамы

Наурыздың 20-на арналған ауа райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді 

«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 20-сы күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
ҚР солтүстік жартысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, шығысында циклон жырасының және, фронталды бөліктердің әсерінен жауын-шашын болады.

Еліміздің батысында, оңтүстігінде және орталығында антициклон жотасының ықпалымен күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік жартысында көктайғақ болып, солтүстік пен шығысында жаяу бұрқасын соғады.

Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, күндіз солтүстігінде, батысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде дел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 23 м/с болады, сондай-ақ жаяу бұрқасын соғып, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түсіп, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23 метрге жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түсіп, облыстың шығысында жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде көктайғақ болып, облыстың солтүстігінде, таулы аумақтарында тұман түседі. Таңертең және күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Атырау, Ақтөбе облыстарының батысында, солтүстігінде, Павлодар облысының солтүстігінде, түнде Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының орталығы мен шығысында тұман түседі.