Наурызбай ауданындағы жарықтандыру жұмыстары қашан аяқталатыны белгілі болды

Наурызбай ауданындағы жарықтандыру жұмыстары қашан аяқталатыны белгілі  болды
Сурет: Ksosvet.ru

Аудандағы 59 көшені жарықтандыру керек.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарын тұрақты электрмен қамту үшін қандай шаралар қабылданғаны жайында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Премьера» тұрғын үй кешені мен «Елисейские поля» коттедж қалашығының 3,4 км электр желісі мен 10 трансформаторлық подстанциясы қыркүйек айында «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамының балансына берілді. 2 426 абонентке жеке шоттар ашылды. Бұл тұрғындарға нақты пайдаланған электр энергиясы үшін қалалық тарифпен (1 кВт үшін 20,7 теңге) төлеуге мүмкіндік береді. 79 трансформаторлық подстанцияға күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіліп, 3,8 км электр желісі реконструкцияланды», - деді қала әкімі.

Ерболат Досаевтың айтуынша, "Ақжар", "Қарағайлы", "Тастыбұлақ", "Шұғыла" шағынаудандарындағы 48 көшеге және магистралды көшелердегі 83 жаяу жүргіншілер өткеліне жарық орнатылды.

«Наурызбай ауданындағы ("Қарағайлы", "Рахат", "Тастыбұлақ" және "Шұғыла" шағынаудандары) қалған 59 көшені жарықтандыру жұмысын 2023 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді қала басшысы.