Наурызбай ауданында жекеменшік мектеп ашылды

Наурызбай ауданында жекеменшік мектеп ашылды
Сурет: Kt.kz

Білім ордасы 120 балаға арналған. 

Наурызбай ауданында орналасқан оқу ордасы 1 мен 4-сынып оқушыларына  білім береді деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Almaty.tv арнасының мәліметінше, мектепте ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылады.

Ақжар шағынауданында бастауыш сынып оқушыларына арналып Upstream Zerek атты жекеменшік мектеп ашылды. 

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл соңына дейін 1000 мектеп салу тапсырмасы іске асып жатыр. Жалпы аудан құрылғалы 1200 орындықтан 2 мектеп салынды. Қосымша 1800 және 1500 орындық мектептің жаңа құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Мирас Нысаналиев.

Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген мектепте бастауыш сынып оқушыларына арналған 9 кабинет, 1 спорт зал және асханасы бар. Әзірге білім қабырғасы оқу жылын 10 ұстаз, 30 баламен бастап отыр.

«Мектебіміздің аумағы 20 соттық жерде 1000 шаршы метр. Мектебіміз былтыр қыркүйек айынан бастап салынды. Бүгін салтанатты шарамызды өткізіп, балаларға әліппе кітабын табыстадық», – деді мектеп директоры Ғалия Сатыбалдина.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бүгінде Наурызбай ауданында 17 мектеп бар. Оның 9-ы мемлекеттік болса, 8-і жеке меншік.