Наурызбай ауданында жаңа 5 мектеп салынып жатыр

Наурызбай ауданында жаңа 5 мектеп салынып жатыр
Сурет: Almaty.tv

Мектептерде 7790 оқушыға орын жетіспейді.

Аудандағы Қалқаман-2 шағын ауданында 2700 орынды 3 мектеп  және Шұғыла шағын ауданында әрқайсысы 1200 орынды 2 мектеп салынуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Өткен жылы аудандағы Ақжар және Рахат шағын аудандарында 2 жеке меншік мектеп ашылды. Биыл Қалқаман шағын ауданында 1800 орынды мемлекеттік мектеп пайдалануға берілді.