Наурызбай ауданында республикалық Отбасы күніне орайластырылған шара өтті

Наурызбай ауданында республикалық Отбасы күніне орайластырылған шара өтті
Сурет: 24.kz

Отбасы құндылықтары

Шаһардағы Наурызбай ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында бірқатар шаралар өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап. Солардың бірі республикалық Отбасы күніне орайластырылды.

Ауданның полиция басқармасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланып, дүйім жұртқа үлгі болған жанұяға сыйлықтар табысталды. 

«Республикалық отбасы күні қарсаңында 30 мемлекеттік органда онлайн және оффлайн форматта, санитарлық талаптарды сақтай отырып, аудандағы үлгілі отбасылармен кездесу өткізіліп жатыр», – деді Наурызбай ауданы әкімі аппараты мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Фариза Ескендірова.

Аталған шараға 60 жыл өмірдің ащы мен тұщысын бірге көрген Балбаевтар жанұясы қатысты. Олар жастарға білгендерін айтып, ғұмырлық тәжірибелерімен бөлісті. 

«Отбасын асырауға ер адам талпыныс жасауы қажет. Әйелдер де қарап отырмауы керек. Тек қана нәрестелі болған кезден басқа. Міне, осындай жағдайда "Бірігіп көтерген жүк жеңіл" болмақ», – деді Наурызбай ауданының тұрғыны Ертай Балбаев.