Наурызбай ауданында отбасылық саябақ, ДСК, теннис орталығы және өрт сөндіру депосы салынады

Наурызбай ауданында отбасылық саябақ, ДСК, теннис орталығы және өрт сөндіру депосы салынады
kapital.kz

Қоғамдық кеңістікті дамыту туралы Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Санжар Тоғай айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Спикердің айтуынша, аудандағы қоғамдық кеңістіктердің саны маңызды болып қала береді. Сондықтан осы жылдың көктемінде «Әлем парк» отбасылық паркінің құрылысы басталды. 2023 жылы "Шұғыла" және "Ақжар" шағынаудандарында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастау жоспарлануда.

"Шұғыла" шағынауданында Сәбденов көшесіндегі 15 гектар жер учаскесінде келесі жылы мектеп, балабақша, 500 келушіге арналған емхана, 100 келушіге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені, теннис орталығы мен өрт сөндіру депосының құрылысы жоспарлануда», - деді Санжар Тоғай.

Ағымдағы жылы "Ақжар" және "Қалқаман" шағынаудандарында екі парктің құрылысы, балалардың ойын және спорт алаңдарын орнатуды, абаттандыру элементтерін, сыртқы жарықтандыруды, үш жаяу - серуендеу аймағын абаттандыруды көздейтін 4 жеке учаскені абаттандыру жүргізілуде.

Өткен жылы Наурызбай ауданында 30 қоғамдық кеңістік құрылды, оның ішінде 16 балалар ойын және 12 спорт, 3 скейт, 3 баскетбол және екі футбол алаңы салынды, екі жаяу серуендеу аймағы жайластырылды.