Наурызбай ауданында екі жаңа емхана салынады

Наурызбай ауданында екі жаңа емхана салынады
halyqline.kz

"Наурызбай ауданындағы өзекті мәселелердің бірі емханалардың жетіспеушілігі", - деді қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде

Биыл ауданда емханалардың жетіспеу мәселесін шешу және медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін "Құрамыс" және "Шұғыла" шағынаудандарында 500 келушіге арналған екі жаңа емхананың және "Ақжар" шағынауданында бір дәрігерлік амбулаторияның құрылысын бастау жоспарланып отыр.