Наурызбай ауданында екі емдеу мекемесі бой көтереді

Наурызбай ауданында екі емдеу мекемесі бой көтереді
Cурет: Vlast.kz

Қала әкімімен өткен кездесуде денсаулық сақтау нысандарын салу жайы сөз болды.

Халықтың жыл сайынғы өсімі 10-12 мың адамды құрайды. Осыған байланысты емханалардың халыққа көрсететін қызметтерінде жоспарлы  қуаты жетпей жатыр. 

"Қазір Құрамыс шағын ауданында салынатын 500 орынды емхананың және Ақжар шағын ауданында бой көтеретін 200 орынды дәрігерлік амбулаторияның құжаттары әзірленуде", - деді шаһар басшысы аудан тұрғындарымен өткен кездесуде.

Ауданда 3 клиникалық аурухана, 4 емхана, 2 жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы және 17 жеке медициналық орталық бар. Тіркелген халық саны 137 мың адамды құрайды. 

«Алма сити», «Нұрлы дала» ТК ауданында емхана салу үшін учаскелерді сатып алу жоспарлануда.