Наурызбай ауданында 5,5 га саябақ салынуда

Наурызбай ауданында 5,5 га саябақ салынуда
Сурет: Avesta-news.kz

Абаттандыру алаңы 4,6 га құрайды.

Алматыдағы Наурызбай ауданында 5,5 га саябақ салынуда. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан халқымен болған кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Шұғыла шағын ауданында инновациялық шығармашылықтың заманауи орталығы және 5,5 га саябақ салынуда, Қарғалы өзенінің жағалауын селден қорғау бөгетінен Жандосов көшесіне дейін абаттандыру мен көгалдандыруға құжаттама әзірленді», - деді Ерболат Досаев.

Абаттандыру алаңы 4,6 га құрайды, келесі жылы жұмыстарды бастау жоспарлануда.