Наурызбай ауданында 1 қыркүйекке дейін екі мектеп ашылады

Наурызбай ауданында 1 қыркүйекке дейін екі мектеп ашылады
Сурет: Almaty.tv

Жыл соңына дейін тағы екі мектептің құрылысы аяқталады.

Бұдан басқа екі мектептің құрылысын салып жатыр, келесі жылы ІІІ тоқсанда пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

1) Орын тапшылығын азайту мақсатында ауданда 1 қыркүйекке дейін 2 400 орындық екі мектеп (яғни, "Қалқаман" шағынауданында 1800 орындық № 206 мектеп, "Қарғалы" шағынауданында 600 орындық «Заман» жеке меншік мектебін) ашу жоспарланған.

Жыл соңына дейін тағы 2 мектептің құрылысы аяқталады. Олар - «Алма сити - 5» аумағындағы 1 200 орындық (90%, қазанда аяқталады) және "Қалқаман" шағынауданы, Абай даңғылындағы 1 500 орындық (75%) мектептер.

Сонымен қатар, "Шұғыла" шағынауданындағы «Әлем сити», «Алма сити - 4» тұрғын үй кешендерінің аумағында Qazaq Stroy 1 200 орындық 2 мектептің құрылысын салып жатыр, келесі жылы ІІІ тоқсанда пайдалануға беріледі.

2) "Құрамыс" шағынауданындағы 1 200 орындық, "Шұғыла" шағынауданындағы 1 600 орындық екі мектептің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге конкурс жариялау үшін құжаттар дайындалуда. Құрылыс 2023 жылдың ІІ тоқсанына жоспарланған.

3) Сондай-ақ, "Шұғыла" шағынауданындағы № 174 мектепке 375 орындық қосымша құрылыс салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл жұмысты алдымыздағы желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарлануда. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын келесі жылы ІІ тоқсанда бастаймыз.

4) Балабақшадағы орын тапшылығын азайту мақсатында "Шұғыла" шағынауданында 320 орындық балабақша құрылысы басталды 2023 жылдың ІІ тоқсанында аяқталады.

«Нұрлы Дала» кешеніндегі 320 орындық балабақша бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді .Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2023 жылы 2-ші тоқсанда басталады).

Бұдан басқа, 3 балабақшаның жобалау-сметалық құжаттамасы бойынша конкурс жариялау үшін құжаттар дайындалып жатыр.

"Қалқаман" шағынауданы, Абай даңғылындағы 240 орындық балабақшаның құжаттамасы сараптамадан шамамен келесі жылы тамыз айында шығады, құрылыс-монтаждау жұмыстары ендігі жылы ІІІ тоқсанда басталады.

"Құрамыс" шағынауданындағы 320 орындық балабақша бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы 2023 жылдың май айына жоспарланған, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2023 жылдың ІІІ тоқсанында басталады.

"Шұғыла" шағын ауданындағы 240 орындық балабақшаның сараптамасы желтоқсан айында шығады. Құрылысы келесі жылы ІІ тоқсанға жоспарланып отыр.