Наурыз мерекесінің үздік дизайны байқауының жеңімпаздары анықталды

Наурыз  мерекесінің үздік дизайны байқауының жеңімпаздары анықталды
almaty-akshamy.kz

Алматыда Наурыз мерекесіне орай қаланың көрнекі безендірілуінің үздік дизайны байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматы қаласының мәдениет басқармасы жариялаған «Наурыз мейрамы – 2023» көрікті жерлерін безендірудің үздік дизайнына арналған байқау аяқталды.
Жеңімпаздарды Дизайнерлер одағының, Суретшілер одағының, қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының, сондай-ақ Алматы қаласы мәдениет басқармасының өкілдері кірген жұмыс комиссиясы таңдады.
Қаланы билбордтармен безендіру бойынша конкурс барлық ниет білдірушілер арасында өткізілді.

1 орын Динара Абраеваға

екінші орын-Амантур Бейсенбиновке,

үшінші орын – Нұржан Ибраевке берілді.

Жеңімпаздардың жұмыстары Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы қаласының жарнама алаңдарында орналастырылады.