Наурыз айында қазақстандықтар неше күн демалады?

Наурыз айында қазақстандықтар неше күн демалады?
Сурет: Qazaqstan.tv

2023 жылдың наурыз айында бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қазақстандықтар 12 күн демалады.

Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз сәрсенбіге сәйкес келді, сол себепті ол күн демалыс болып бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Наурыз мейрамында қазақстандықтар сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері – 21, 22 және 23 наурыз күндері демалады. Мереке аптаның ортасына түседі, сондықтан жұмыс аптасы қысқа болады.

Осылайша наурызда қазақстандықтар мерекелерге орай 4 күн демалады. 

Сонымен қатар наурыз айында оқушылар 18 наурыздан 26 наурызға дейін көктемгі демалысқа шығады.