Наурыз айында қазақстандықтар неше күн демалады?

Наурыз айында қазақстандықтар неше күн демалады?
Сурет: Mynewsdata.com

12 күн демалатын болады.

Алдағы наурыз айында қазақстандықтар мейрамдар мен демалыс күндерді қосқанда 12 күн демалатын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Наурыз айында қазақстандықтар екі ресми мейрамды, яғни  Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамын тойлайды.

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қазақстандықтар үш күн демалады – 6, 7 және 8 наурыз. Бұл мереке сейсенбі 8 наурызға түсетіндіктен, 5 наурыз жұмыс күні, ал дүйсенбі, 7 наурыз, демалыс күні болады.

Ал Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді. 19 және 20 наурыз сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келіп тұр. Осылайша, наурызда қазақстандықтар бірден бес күн – 19, 20, 21, 22 және 23 наурызда демалады.

Еске сала кетсек, ұлттық және мемлекеттік мереке күндері елімізде ресми түрде демалыс күні боп жарияланады. Егер мереке және демалыс бір күнге сәйкес келсе, демалыс күні мерекеден кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.