НАТО ядролық жаттығуларды бастады

НАТО ядролық жаттығуларды бастады
Сурет: Riafan.ru

Жаттығулар 17-30 қазан күндері Бельгияда өтеді.

Қазанның 17 күні НАТО-ның Steadfast Noon ядролық қауіпті тежеу бойынша жоспарлы жаттығулары басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz DW сілтеме жасап.

Солтүстік Атлантикалық альянстың ресми сайтында бұл қазіргі әлемдік оқиғаларға қатысы жоқ жоспарлы маневрлер екенін атап көрсетілген. Олардың негізгі бөлігі Ресейден 1000 шақырымнан астам қашықтықта өтеді.

Оқу-жаттығуға 14 мемлекет пен әртүрлі үлгідегі 60 ұшақ, соның ішінде ядролық оқтұмсықтарды жеткізуге қабілетті жойғыштар, қарапайым жойғыштар, барлау ұшақтары мен танкер ұшақтары қатысады.

«Шараға өткен жылдардағыдай американдық B-52 алыс қашықтыққа ұшатын бомбалаушы ұшақтары қатысады, олар биыл Солтүстік Дакотадағы Минот әуе базасынан ұшады. Жаттығу ұшулары Бельгияның, сондай-ақ Солтүстік теңіз және Ұлыбритания үстінен өтеді.Ешқандай әскери қару қолданылмайды", - деп көрсетілген сайта.