National Geographic арнасы қазақстандық ұшқыштардың ерлігі туралы фильм түсірді

National Geographic арнасы қазақстандық ұшқыштардың ерлігі  туралы фильм түсірді
Cурет: Qazaqstan.tv

Фильм ақауы бар ұшақты жерге аман-есен қондырған қазақстандықтар жайлы.

Португалияның Авиациялық оқиғаларды тергеу департаменті қазақстандық ұшқыштардың авиациялық қақтығысқа қатысты тексеру жұмысын аяқтады. Отандастарымыз әлемдік деңгейдегі Хью Гордон-Берг  мемориалдық сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сондай-ақ National Geographic арнасы «Ұшақ апатын зерттеу» бағдарламасының авторлары «Бақылаудағы апат» деп аталатын фильм түсірді. 40 минуттық туынды апаттың алдын алған экипаж командирі Вячеслав Аушев, ұшқыш Бауыржан Қарашолақов пен Сергей Соколов туралы. Онда қазақ ұшқыштарының кәсібилігілігін көрсете отырып, технологияны жетік меңгеру арқылы, экипажды түгел аман алып қалғаны бейнеленген.

Еске салайық, осыдан 5 жыл бұрын Португалияда техникалық жөндеуден өткен ұшақ қазақстанға қайту үшін көкке көтеріледі. Алайда әуе кемесінің элерондары дұрыс орнатылмағандықтан, қалыпты жұмыс істеуі қиындайды. Ұшқыштар шұғыл әрекет етіп, әуе кемесін аман-есен жерге қондырды.

«Бізге ұшақ бағынбады. Біздің мақсатымыз - ұшақты көбірек биіктікке шығару болды. Егер біз көбірек биіктікке көтерілсек, ақаудың алдын алуға сонша мүмкіндік болар еді. Ұшақ толық төрт рет айналды аспанда. Жерге құлауға 10-15 секунд қалған шығар, ұшақ өз салмағынан 5 есе ауыр күш пен қысым түсті. Ондай кезде ұшақ екіге бөлініп кетуі де мүмкін еді», - дейді ұшқыш Бауыржан Қарашолақов.