Наталья Ливинская: Алматыдағы ағаштың 20%-дан астамы апатты жағдайда

Наталья Ливинская: Алматыдағы ағаштың 20%-дан астамы апатты жағдайда
Сурет: Qazweek.kz

Қалада қазіргі кезде 2 млн 600 мың ағаш бар.


Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская қаланың жасыл қорының қазіргі жағдайы жөнінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ол оңтүстік астана тарихи тұрғыдан бау-бақшалы қала ретінде танымал болғанын айтып, алдағы уақытта бұл құрметті мәртебені мегаполиске қайтару үшін көп жұмыс атқарылатын жеткізді.

«Қалада қазіргі кезде 2 млн 600 мың ағаш бар. Бірақ оның 20%-дан астамы апатты жағдайда. Осыған байланысты біз жан-жақты стратегиялық жұмысты бастап, ағаштарды есепке алып, қадағалап жатырмыз. Бау-бақша мәртебесін қайтару және дамыту мақсатында ағаш өсіруді бағдарлап жатырмыз», – деп атап өтті Наталья Ливинская.