Нариманның жеңісі

Нариманның жеңісі
Сурет: Ашық дереккөз

Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде жеңімпаз атанды

Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Нариман Құрбанов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық гимнаст сайыс барысында 15,300 ұпай жинап, жеңіс тұғырына көтерілді.

Ол ел құрамасы қоржынына екінші алтын медаль салды. Бұған дейін еркін бағдарламада Милад Карими үздік атанған еді.

Еске салсақ, Нариман Құрбанов Катар астанасы Дохада өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде екінші орын алған еді.