Қор нарығында доллар арзандады

Қор нарығында доллар арзандады
Сурет: Mail.kz

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 23 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,87 тиынға төмендеп, 1 доллар 434, 23 теңге болды.

Ұлттық банктің 24 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 435, 10 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 437,27 теңге, сатып алу – 438,50 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 436,35 теңгеден болса, сатып алу құны – 437,81 теңге.