Нан бағасы бір жылда 6%-ға қымбаттады

Нан бағасы бір жылда 6%-ға қымбаттады
Сурет: EcoTovary.com

Биылғы жартыжылдықта нан-тоқаш, макарон өнімдері мен ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру көлемі 111 млрд теңге болған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,8%-ға аз көрсеткіш.

Жыл бойы нан бағасы 6%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалпы, нан, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісінің төмендеуі байқалады.

Жаңа піскен нан өндірісі 21,3%-ға азайған, яғни 266,6 мың тоннаға дейін. Макарон өнімдері, кеспе, кускус және басқа ұн өнімдерінің шығарылуы да 17,9%-ға, 75,6 мың тоннаға дейін төмендеді.

Ұзақ сақтауға арналмаған торттар мен кондитерлік өнімдердің өндірісі 17,7%-ға 13,9 мың тоннаға дейін азайған. Тек қана печенье, кондитерлік өнімдер мен сақтауға төзімді пирожныйлар өндірісінде болмашы өсім байқалады - 0,8% -ға, яғни 56,5 мың тоннаға дейін.

Сонымен қатар, нан бағасы бір жыл ішінде бірден 5,9% өсті. Қара бидай мен бидай наны 9,2%-ға қымбаттады. Макарон өнімдері 10,3%-ға қымбаттады, оның ішінде кеспе өнімдері 11,6%-ға өсті. Нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер 8,2% қымбаттады.