«Намыс» партиясы тіркелудің бірінші кезеңінен өтті

«Намыс» партиясы тіркелудің бірінші кезеңінен өтті
Сурет: Inbusiness.kz

Екінші кезеңде 2 айдың ішінде съезд өткізу керек.

Әділет министрлігі тіркелгісі келген «Намыс» партиясының құжаттарының дұрыстығын растады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы партияны құрушы белсенді Санжар Боқаев хабарлады.

«Намыс» партиясының тіркелуіне барлық құжаттар қабылданды. Әділет министрлігі құжаттардың және барлық деректердің дұрыстығы мен толықтығын хатпен растады. Бұл тіркеудің бірінші кезеңі сәтті аяқталды деген сөз», - деп жазды Боқаев.

Енді қазір партия тіркелудің екінші кезеңінде, 2 айдың ішінде съезд өткізу керек. Ал үшінші кезеңде 20 000 адамның қолтаңбасын жинау керек.