Нақты шаралар талқыланды

Нақты шаралар талқыланды almaty-akshamy.kz

Тоқаевтың жақтастары Ақтөбе облысының тұрғындарымен кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасының басымдықтарын талқылады


Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Ақтөбе облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.


Ақтөбе рельс-арқалық зауытының еңбек ұжымымен кездесуде кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген ел өнеркәсібін дамытуға арналған шаралар талқыланды.



«Ақтөбе облысы – еліміздегі маңызды индустриалды өңір. Еңбек адамдары, сондай-ақ, жауапты, еңбексүйгіш, патриот ақтөбеліктер облыстың өсіп-өркендеуінің негізі екені сөзсіз. Сіздер әрдайым еліміздегі реформаларды, бейбітшілікті және тұрақтылықты қолдап келдіңіздер. Сондықтан алдағы президент сайлауында, ел дамуындағы осындай жауапты кезеңде өңір тұрғындары дұрыс таңдау жасайды деп сенеміз», – деді Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Мәулен Әшімбаев.



Ақтөбе облысының жұртшылығымен кездесуге 350-ден астам адам қатысты. Іс-шарада РҚШ мүшелері сайлау алдындағы бағдарламаның өңірлік инфрақұрылымды жақсарту және жұмыс орындарын ашу мәселелеріне арналған бағыттарына назар аударды.


Штаб мүшелері Қ.Жұбанов атындағы университетте жоғары оқу орнының ғалымдарымен және оқытушы-профессорлар құрамымен кездесті. Кездесуде сайлау алдындағы бағдарламадағы ғылымды қолдауға арналған нақты шаралар талқыланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55