Нұрғисаға ескерткiш орнатылады

Алматы қаласы әкiмдiгi Алматы қаласында Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, Халық әртiсi, аса көрнектi композитор Нұрғиса Тiлендиевтiң ескерткiшiнiң таңдаулы жобасына республикалық ашық конкурс жариялайды.

Конкурстың мақсаты:

Орнатылатын ескерткiштiң тарихи бейнесiн ашып, мүсiндiк-көркемдiк шешiмiн табу. Ұсынылатын жобалар жоғары идеялық және сәулеттiк-көркемдiк деңгейде орындалуы тиiс.

Байқау өтiнiштерi 2011 жылдың 20-наурызы мен 20-сәуiрi аралығында қабылданады. Конкурстық жоба ұсыныстарының құрамы мен талаптарын Алматы қаласы, Республика алаңы, №4 ғимараттағы Мәдениет басқармасы – №421 бөлмеден алуға немесе 8 (727) 272-10-01 телефоны арқылы бiлуге болады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *