Нұрсұлтан Назарбаев жаңа қызметке ұсынылды

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа қызметке ұсынылды
Сурет: Kapital.kz

Елбасыны жаңа қызметке Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды


Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Даналар кеңесінің басшысы қызметіне ұсынылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Egemen.kz басылымының жазуынша, бұл бастаманы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Нұр-Сұлтанда өткен сыртқы істер министрлерінің кездесуінде айтты.

«Бүгін Даналар кеңесі туралы ережені қабылдауымыз керек. Мүше мемлекеттер консультативті-кеңесші орган құруды қолдады және мүшелікке кандидаттарды ұсына бастады. Бүгін Даналар кеңесі туралы ережені бекітеміз. Таңертең кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты АӨСШК жетекшілігіне кандидат ретінде ұсынды. Бәріңіз бұл кандидатураны қолдайсыздар деп үміттенемін», - деді Рахметуллин. 

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес – Азия құрлығы мемлекеттерін біріктіретін халықаралық форум. Негізгі міндеті – тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайту.

Кездесуді шақыру идеясын алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған болатын.