Нұр-Сұлтанда «Temps Lié» фестивалі басталды

Нұр-Сұлтанда «Temps Lié» фестивалі басталды
Сурет: Qazaqtv.com

Айта кетейік, Мариус Петипаның қойылымы музыкасының авторы – Рикардо Дриго. Ал хореографиялық редакциясы сала майталманы Василий Медведевке сеніп тапсырылды. Бірегей шығармашылық ұжымның ойын Қазақ ұлттық хореография академиясының жас артистері орындап шықты.

Фестиваль Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Сонымен қатар ол 19 қарашаға дейін жалғасады. Мәдени шара аясында оффлайн және онлайн форматта жетекші қазақстандық және шетелдік хореографтардың ашық дәрістері мен шеберлік сабақтары өтеді.

«Осынау игі іске атсалысу мүакіндігіне ие болғаным үшін Алтынай Асылмұратова ханымға алғысым шексіз. Бұл жобаны осыдан 5 жыл бұрын ойластырған едік. Міне, бүгінде ол жүзеге асып отыр. Жалпы спектакльге 130 бала қатысты. Сонымен қатар ұмыт болып қалған балеттің 2 актісі қайта жаңғыртылды. Дайындық өте ұзақ уақытқа созылды. Музыкасы мен либреттосы жазылып, костюм тігілді, декорация эскиздері жасалды. Балет мектебі 2 айға жуық дайындалды», - қоюшы-хореограф Василий Медведев.